АҚШ Ресеймен жасалған ядролық келісімнен ресми түрде шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Ресеймен жасалған ядролық келісімнен ресми түрде шықты

02.08.2019

Америка Құрама Штаттары «қырғи-қабақ соғыс» кезінде Кеңес одағымен жасалған ядролық келісімнен ресми түрде шықты. Осыған орай Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемнің атомдық соғысқа жол бермеген баға жетпес тежегішінен айрылуға жақындап қалғанына алаңдаушылық білдіріп, мәлімдеме жасады. Вашингтон бұл пәтуаны бірінші Ресей бұзып, «Новатор» деген ядролық зымыранын жетілдіре түскенін алға тартты.

Бірақ Мәскеу мұны жоққа шығарып отыр. АҚШ пен Кеңес |Одағы Атомдық күштер туралы келісімге 1987 жылы қол қойған. Ол құжат Еуропада құрлықтық және орта қашықтыққа арналған ядролық зымырандарға тыйым салған еді. Владимир Путин аталған келісімге Ресейдің қатысуын тоқтату туралы қаулыға өткен айда қол қойды. Ал бүгін НАТО Ресейдің Еуропаға соққы беруге қауқарлы зымырандарына қарсы тұру туралы келісімге келгенін мәлімдеді.   

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу