Түркия Шыңжаңға ұйғырлар мәселесі бойынша бақылаушылар тобын жіберетін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Шыңжаңға ұйғырлар мәселесі бойынша бақылаушылар тобын жіберетін айтты

31.07.2019

Түркия Қытайдың Шыңжаң аймағына бақылаушылар тобын жібереді. Бұл туралы бүгін осы елдің сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы Таиланд астанасы Бангкокта қытайлық әріптесімен өткен кездесуде мәлімдеді. Тараптар әңгіме барысында Шыңжаңдағы ұйғырлар мен өзге де түркі тілдес мұсылмандардың лагерлерге қамалуы туралы мәселені талқылады. Алайда ресми Бейжің ол мекемелерді кәсіби дайындықтан қайта өткізетін және экстремизмнен күреске арналған орталықтар деп атап отыр.

Кейінгі кездері сол «орталықтарды» құрғаны үшін Қытайға халықаралық қысым күшейіп келеді. Бұл проблемаға биыл ақпан айында Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқығы кеңесі де алаңдаушылық білдірді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу