«Cи-Эй-Пи» компаниясының мәлімдеуінше, Гуарельо аралының жағалауындағы терминалдан жерге аққан жанармай кейін суға жетіп, қазір Тынық мұхиттың оңтүстігіне қарай жылжып барады. Әзірге себебі белгісіз экологиялық апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Суды сұйық отыннан тазартуға әскери теңізшілер бригадасы жіберілген. Ал, «Гринпистің» Чилидегі бөлімі қалыптасқан жағдайды қауіпті екенін мәлімдеді.
Арыстан РЫСБЕК