АҚШ-тың Калифорния штатындағы «Сарымсақ» фестивалінде оқ атқан күдікті анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Калифорния штатындағы «Сарымсақ» фестивалінде оқ атқан күдікті анықталды

30.07.2019

Ол – Сантино Уильям Леган есімді 19 жастағы жасөспірім болып шықты. Полицияның хабарлауынша, Леган суық қаруды шілденің 9-да заңды негізде сатып алған. Фестиваль барысында оқ жаудырған соң, тәртіп сақшылары оны бір минут ішінде атып, мерт қылды.

Әзірге Леганның мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз. Сонымен қатар, оның сыбайласы болуы мүмкін деген ақпарат тексеріліп жатыр.

Айта кетсек, Гилрой қаласында мереке кезінде Леганның қарулы шабуылынан 3 адам қаза тапты. Олар - 6 жасар ұл мен 13 жасар қыз, және 20 жастағы ер адам. Тағы 15-і жараланып, бірнешеуі ауыр халде госпитальге түскен.

Трагедиядан кейін президент Дональд Трамп қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, қауіпсіздікті күшейту жұмыстарын әрі қарай жалғастыратынын мәлімдеді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу