Ресейде сенбі күні өткен шеруі кезінде 1400-дей адам тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде сенбі күні өткен шеруі кезінде 1400-дей адам тұтқындалды

29.07.2019

Оппозиция жақтастары он шақты тәуелсіз кандидаттың Мәскеу заң шығару органына өтетін сайлаудан аластатылуына наразылық білдіріп демонстрацияға шыққан. Алайда, үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, ол үміткерлер жеткілікті қол жинай алмағандықтан, сайлауда бақ сынау құқығынан айрылды.

Бұл – соңғы он жылда Ресей астанасында ұйымдастырылған ең үлкен рұқсат етілмеген митинг. Оған мыңдаған адам қатысты. Қарсылық акциясы полициямен қақтығысқа ұласып, бірталай манифестант жараланды. Ал, оппозиция лидері Алексей Навальный екінші күн госпитальде жатыр. Жақтастарының сөзінше, ол түрмеде уланса керек. Навальный елді заңсыз шеруге шақырғаны үшін таяуда 30 күнге қамалған еді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу