Борис Джонсон Ұлыбритания премьер-министрі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Борис Джонсон Ұлыбритания премьер-министрі болып тағайындалды

24.07.2019

Сейсенбі күні ол Консервативтік партияның лидері болып сайланған. Бұл дегеніміз - саясаткерге үкіметті басқару құқығы автоматты түрде берілетінін білдіреді. Ол қарсыласы Джереми Ханттан оқ бойы озып, партия мүшелерінің 90 мыңдай дауысына ие болған. Еңбек жолын журналист ретінде бастаған Джонсон Лондон қаласының мэрі, елдің сыртқы істер министрі қызметтерін атқарған.

Жаңа премьер-министр бейсенбі күні жұмысқа кірісіп, үкіметтің алғашқы отырысын өткізбек. Джонсон қатаң шешім қабылдауымен, тапсырманы әдеттен тыс жолмен орындауымен ерекшеленеді. Солардың бірі - «Брексит» мәселесі. Бұл орайда үкімет басшысы Брюссельдің келісіміне қарамастан, қазанның 31-не дейін елді Еуроодақтан шығаруға бел буып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
 

Хабарламаларға жазылу