Қытайда лай көшкінінен 11 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда лай көшкінінен 11 адам қаза тапты

24.07.2019

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Шуйчэн уезінде лай көшкіні жүріп, 11 адам қаза тапты. Тағы 30-дан астамы - жоғалғандар санатында. Апат салдарымен күресу үшін 247 өрт сөндіруші мен 300-ге жуық құтқарушы жұмылдырылған.

Мамандар үйінді астынан 22 адамды құтқарып үлгерді. Алайда, олардың тек 11-і аман қалды.

Тұрғындардың айтуынша, бас-аяғы 5 минут ішінде тау шыңынан алып тастар құлап, сел жүрген. Соның салдарынан 21 тұрғын үй қирады. Сонымен қатар, қауіпті айумақта қалып қойған 77 адам эвакуацияланды. Ал жоғалғандарды іздеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу