Иранда АҚШ орталық барлау басқармасына жұмыс істеген 17 тыңшы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда АҚШ орталық барлау басқармасына жұмыс істеген 17 тыңшы ұсталды

22.07.2019

Иран билігі АҚШ-тың Орталық барлау басқармасына жұмыс істеген 17 тыңшыны тұтқындап, олардың суретін жариялады. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады. Елдің ақпарат және ұлттық қауіпсіздік министрлігінің айтуынша, тыңшыларға АҚШ билігі виза беру және миграция мәселесінде көмектесуге уәде берген. Олар мемлекет үшін аса маңызды салаларда қызмет етсек керек. Айыпталушылар жалған құжаттар қолданып келеген. Дегенмен, ел билігі олардың ешқайсысы берілген тапсырманы орындап үлгермеді деді.

Бұған Ақ үй басшысы Дональд Трамп ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін айтып, Тегеранды жалған сөйлейді деп айыптады.  

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу