Ұлыбритания танкерін тұтқындағаны үшін Иранға қарсы санкциялар енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания танкерін тұтқындағаны үшін Иранға қарсы санкциялар енгізіледі

22.07.2019

Ұлыбритания Иранға қарсы дипломатиялық және экономикалық санкциялар салмақ. Бұл – Ормұз бұғазында британдық мұнай танкерін басып алғаны үшін Иранға қарсы жасалған әрекет. Айта кетсек, жұма күні Ислам Республикасы «ел аумағына рұқсатсыз өтті» деген себеппен «Стена Имперо» су көлігін тұтқындаған. Қазір ол әлі де Тегеранның қарауында. Ел билігінің айтуынша, танкер бортындағы 23 адам дін-аман, экипаж да, танкер де қауіпсіз жерде. Ел билігі тергеу аяқталмайынша, оны босатпайтынын айтты. Иран мен Ұлыбританияның қарым-қатынасы шілденің 4-де Ислам Республикасына тиесілі мұнай танкерін британдық күштердің тұтқындауынан кейін бұзылды. Британияның тарапының мәліметінше, су көлігі 2 миллион баррель мұнайды Сирияға тасымалдаған. Дегенмен, Тегеран бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу