АҚШ-та адам ойын оқитын құрылғы ойлап табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та адам ойын оқитын құрылғы ойлап табылды

19.07.2019

Оны Илон Маск негізін қалаған "NeuraLink" компаниясы жасап шығарды. Миды компьютермен байланыстыратын технология маймылдар мен егеуқұйрықтарға жүргізілген сынақтан сәтті өткен. Енді ұйым бұл тәжірибені адамдарға жүргізу үшін ел билігінен рұқсат сұрап отыр.
Құрылғы адам шашынан да жіңішке «жіптерге» жалғанған 3000-нан астам электродтан тұрады. Оны орнату үшін бас сүйектен кішкентай тесік ойылады. Миға қондырылған соң, «жіптер» 1000 нейроннан ақпаратты оқып, оны электронды құрылғыларға жеткізеді. 
Мамандардың айтуынша, бұл жүйе болашақта нейрологиялық ауруға шалдыққандарға көп көмегін тигізеді. Әсіресе құлағы естімейтін, зағип, мылқау жандар үшін пайдасы орасан болмақ.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу