Олар жалақыны арттырып, жұмыс шарттарын жақсартуды талап етіп отыр. Сонымен қатар, Нью-Йоркте өткен шеруде жұмысшылар компанияны заңсыз мигранттарды қолға түсіру үшін құзырлы органдарға көмектесті деп айыптауда.
Ал, Германиядағы шеруге қатысқан 2000-дай адам жұмыстың тым көп, ал еңбекақы оған сай емес екенін айтып шағымданды. Ұлыбританияда да «Amazon» жұмысшылары наразылық апталығын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл акциялар жазғы жеңілдіктер науқаны қарсаңында өтіп жатыр. Сондықтан демонстранттар «Жалақыға ешқандай жеңілдік жасалмасын» деп ұрандатты.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ