Ресей президенті Путин мен Украина президенті Зеленский телефон арқылы алғаш рет келіссөз жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей президенті Путин мен Украина президенті Зеленский телефон арқылы алғаш рет келіссөз жүргізді

12.07.2019

Оның барысында Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды реттеу мен екі тараптың тұтқында отырған адамдарын қайтару талқыланды. Негізгі мәселе – Ресей қамауындағы 24 украиналық теңізшіні босату. Кремль өкілі Дмитрий Песковтың айтуынша, бұл жағдай бойынша қос тарап та келісімге келді.

Айта кетсек, бұған дейін Зеленский Путинді ашық әңгімеге шақырып, екі ел арасындағы мәселелерді Минскіде талқылауды ұсынған еді. Бұған Кремль басшысы келіссөздерге дайын екенін айтып, кездесуден бас тартпайтынын білдірді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 


 

Хабарламаларға жазылу