Геркияның солтүстігіне алапат дауыл соққы беріп, кемінде 6 адам қаза тапты. Олардың екеуі – бала. Мерт болғандар – Ресей, Румыния, Чехия азаматтары. Тағы 100 шақты адам жараланып, медициналық көмекке жүгінген. Халкидики аралында жауған бұршақ аралас жаңбыр мен күшті жел ғимараттарды зақымдап, электр сымдарын үзіп, ағаштарды тамырымен жұлып әкетті. Дүлей дауыл саяхатшылар көп келетін өңірді небәрі 20 минутта жайпап кеткен. Табиғи апатқа байланысты жергілікті билік төтенше жағдай жариялады. Қазір оқиға орнында 100-ден астам құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, аралда мұндай дауыл бұрын соңды болмаған.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ