Ауған қоғамының ықпалды өкілдері мен тәліптер мұндай уағдаластыққа Катар астанасы Дохада өткен келіссөздерде қол жеткізді. Олар таратқан мәлімдеме бейбіт халықты қыруды тоқтатуға, ислам заңдары аясында әйелдердің құқығын қорғауға шақырады. Кейбір бақылаушылардың ойынша, бұл «жол картасы» 18 жылға созылған соғысты тездетіп аяқтауға мүмкіндік беруі керек. Тәліптер АҚШ-пен де диалог жүргізіп жатыр. Оның жетінші раунды бүгін басталады. Ол келіссөздер нәтижесінде екі жақ Америка әскерін Ауғанстаннан шығару және елді лаңкестердің базасына айналдырмау туралы мәмілеге келуден үмітті. Дегенмен, «Талибан» қозғалысы Батыс контингенті кеткенше, билікпен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр. Ал, Доха конференциясына ауған үкіметінің жоғары лауазымды өкілдерінің де қатысуы жауласушы тараптарды болашақта бейбіт диалогқа бастайды деген үміт бар.
Арытан РЫСБЕК