Иран шілденің 7-нен кейін уранды өзі қалаған деңгейге дейін байытуға кіріседі. Мұны бүгін осы елдің президенті Хасан Рухани мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шикізатті өңдеу дәрежесі 2015 жылы қол қойылған ядролық келісімде көрсетілген межеден немесе 3,67 пайыздан асады.
Тағы бір сөзінде Ислам Республикасының басшысы АҚШ-пен енді атом мәселесін талқыламайтынын ескертті. Ал президент Дональд Трамптың ескертуінше, Тегеран отпен ойнап отыр.
Айта кетсек, Иран байытылған уран қорын Вашингтон ядролық келісімнен біржақты шығып, оған қарсы экономикалық санкцияларды қалпына келтіргеннен кейін арттыруға кірісіп отыр.
Арыстан РЫСБЕК