Түркиялық кәсіпкерлер Қазақстан экономикасына инвестиция құюға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиялық кәсіпкерлер Қазақстан экономикасына инвестиция құюға дайын

24.11.2014
Түркиялық кәсіпкерлер Қазақстан экономикасына инвестиция құюға дайын

Стамбұлдық кәсіпкер Эмрах Эрен бұл іспен отбасымен бірге 1977 жылдан бері айналысып келеді.

Түркиядан бөлек, Еуропаның бірнеше елінен лукум дайындайтын зауыттар ашып қойған. «Ендігі мақсатым – Қазақстанда іс бастау», - дейді ол.

Эмрах Эрен отбасылық бизнесін Астана мен Алматы қалаларында бастағысы келеді. Кәсібі өрге домаласа түріктің тәттісін өзге де өңірлерге таситын жоспарлары бар. Егер бәрі ойдағыдай жүзеге асып, зауыттары ашылса, қызметкерлердің барлығын елімізден тартамыз,-дейді.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу