31 жастағы Карола Ракетеге «полиция катеріне әдейі соқтығысып, әскери кемеге қарсылық көрсетті және заңға бағынбастан ел аумағына өтті» деген айыптар тағылып отыр.
Айта кетсек, Си-Уотч кемесін басқарған Ракете Ливия жағалауынан 40 мигрантты құтқарып, оларды Лампедуза портына жеткізген. Алайда, Рим босқындарды қабылдаудан бас тартып, оған ел аумағына кіруге тыйым салды. Екі күн теңізде рұқсат күткен капитан, заңға қарамастан, портқа тоқтаған.
Енді сот оны кінәлі деп тапса, айыпталушы он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, кемеге 50 мың еуроға дейін айыппұл салынбақ.
Ал, құтқарылған мигранттар арнайы орталыққа жеткізілген. Оларды өзара бөлісіп алу туралы Германия, Люксембург, Португалия, Финляндия және Франция келісімге келді.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ