Францияда аптап ыстыққа байланысты мектептер жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда аптап ыстыққа байланысты мектептер жабылды

28.06.2019

Елдің кейбір аймақтарында сынап бағанасы 45 градусқа дейін көтерілген. Сондықтан, үкімет отырысында осындай шешім қабылданып, «қызыл» дабыл жарияланды.

Биліктің хабарлауынша, шамамен 4000-дай мектеп пен оқу орнында сабақтар доғарылған. Дегенмен, жұмыс басты ата-аналар үшін балаларды салқындатылған бөлмелерде қарау қызметі жұмыс істеп тұр.

Синоптиктер ыстық ауа райы елде әлі бір аптадай сақталатынын хабарлады. Сондықтан, мамандар тұрғындарға шыжыған күн астында көп жүрмеуді ескертіп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу