Алмазбек Атамбаев экс-президент мәртебесінен айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алмазбек Атамбаев экс-президент мәртебесінен айырылды

27.06.2019

Қырғызстан парламенті елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевты қол сұқпаушылық құқығынан және экс-президент мәртебесінен айырды. Мұндай шешімді Жоғарғы кеңестің 103 депутаты қолдап, дауыс берген. Енді Атамбаев мемлекеттік қызметтен шеттетіліп, саяси лауазымдарға тағайындалмайды. Және оның саяси партиялар жұмысына араласуға құқығы жоқ. Бұған қоса, әділет органдарына республиканың бұрынғы жетекшісін қамауға алып, тергеуге де рұқсат берілді. Бас прокуратура Алмазбек Атамбаевқа жемқорлық, қызметін асыра пайдалану және заңсыз баю істері бойынша кінә тақты. Алайда, Атамбаев мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Дегенмен, құзырлы органдар экс-президентке тағылған 6 айыптың бесеуіне негіздеме тапқан.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу