Мьянма полициясы 108 миллион доллардың есірткісін тәркіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мьянма полициясы 108 миллион доллардың есірткісін тәркіледі

26.06.2019

Оны полицейлер бүгін өртеп жатыр. Бұл мемлекет героин өндіруден екінші орынға шығып, метамфетаминді Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне тарататын негізгі мемлекетке айналып отыр.

Біріккен Ұлттар Ұймының ақпаратына сәйкес, Мьянмада 2017 жылы 41 мың гектар жерге көкнар егілген. Дегенмен, бұл – 2015 жылдың көрсеткішінен 25 пайызға аз. Өйткені, Мьянмада кейінгі кездері заңсыз есірткіге қарағанда, синтетикалық есірткіге, соның ішінде метамфетаминге сұраныс артып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу