Жаңа Зеландияда қанды қырғын туралы бейнероликті таратқан адам 21 айға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Зеландияда қанды қырғын туралы бейнероликті таратқан адам 21 айға сотталды

18.06.2019

44 жастағы Филипп Арпс видеоның өзгертілген нұсқасын 30 шақты адамға жіберген. Сот бұл әрекетті қылмыс деп таныды.

Арпс өзіне тағылған екі кінәні мойындады.

Ол 2016 жылы да мешітке шошқаның қансыраған басын алып кіргені үшін айыпталып, 543 АҚШ доллары мөлшерінде айыппұл төлеген.

Ал, биыл көктемде мұсылмандарға жасалған шабуылдардың бірі сол мешітте болды.

Наурыздың 15-де Крайстчерчте ер адам мұсылмандардың екі мешітіне оқ жаудырып, 51 адамды мерт қылғаны белгілі. Сол шабуыл барысында қаруланған австралиялық «Фейсбук» әлеуметтік желісінде тікелей байланысқа шығып, оқиға туралы бейнежазба қалдырған.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу