Түркия Президенті Эрдоған Мысыр экс-Президентінің өліміне қатысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Президенті Эрдоған Мысыр экс-Президентінің өліміне қатысты пікір білдірді

18.06.2019

Сот залында қайтыс болып кеткен бұрынғы басшысы Мұхаммед Мурсиді «түрмеге қамағандарды тарих ешқашан кешірмейтінін» ескертті. Сонымен қатар, ол марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, Мурсимен достығын еске алып, 67 жастағы саясаткердің өлімі үшін жергілікті билікті кінәлады.

Араб елінің экс-Президенті Мұхаммед Мурси дүйсенбі күні сот отырысында жан тәсілім етіп, бүгін жерленді. Алдын-ала болжамдарға сәйкес, оның жүрегі тоқтап қалған. Мысырдың демократиялық жолмен сайланған алғашқы лидері елді 2012-2013 жылдары басқарды.

Мурси үкіметін әскерилер күшпен құлатып, өзін түрмеге қамады. Оған мемлекетке опасыздық жасады, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, демонстранттарды өлтірді деген айыптар тағылған.

Дегенмен, Мурси өзіне тағылған кінәны мойындамады. Оны отбасылық зиратқа жерлеуге тыйым салынған. Сондықтан, жақтастары әлем бойынша Мысыр елшіліктерінің алдына жиналып, Египет басшылығына қарсылық білдіруге ниетті.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу