АҚШ Таяу Шығысқа қосымша жауынгер жібермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Таяу Шығысқа қосымша жауынгер жібермек

18.06.2019

Мұны осы елдің уақытша Қорғаныс министрі Патрик Шанахан мәлімдеді.

 

Оның сөзінше, Пентагон Парсы шығанағы аймағына мың сарбазды Ираннан төнген қауіптен қорғану үшін аттандырады. Америка өткен айда да Таяу Шығысқа 1500 әскер жіберілетінін жариялаған еді.

 

«Иран мен оның одақтастарының дұшпандық әрекеттері аймақтағы персоналымыз бен мүддемізге қауіпті» , - дейді Шанахан.

 

Құрама Штаттар мен Иран арасында соғыс қаупі өткен бейсенбіде Оман шығанағында екі мұнай танкеріне шабуыл жасалғаннан кейін тіпті күшейді.

 

Сол оқиға үшін Вашингтон Тегеранды айыптады. Алайда, Ислам Республикасы өзіне тағылған кінәні үнемі жоққа шығарып отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу