Алдын ала болжамға сәйкес, оның жүрегі тоқтап қалған. Жергілікті бас прокуратура сот-медициналық сараптамасын жариялайтынын айтты.
Мұхаммед Мурси 2012-2013 жылдары Египетті басқарған. Дегенмен, әскерилер оның билігін күшпен тартып алып, өзін түрмеге қамады.
Экс-Президентке мемлекетке опасыздық жасады, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, демонстранттарды өлтірді деген айыптар тағылған. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген ол 6 жыл абақтыда отырды. Алайда, Кассациялық сот сол үкімді жоққа шығарып, істі қайта қарауға жіберген.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ