Оны Huawei Ұлыбританияның Vodafone компаниясымен бірлесіп қолданысқа енгізген.
Британиялық ұялы оператордың хабарлауынша, аталған желінің жылдамдығы секундына 1 ГигаБИТтке жетеді. Бұл 4G-ге қарағанда 10 есе жоғары. Және де ол – жүргізушісіз автокөліктерді, телемедицинаны, бұлтты ойындарды дамыту үшін өте маңызды болмақ.
Жаңа технология елдің 15 ірі қаласын қамтиды. Оның ішінде Мадрид, Барселона, Валенсия, Севилья бар.
Бұған дейін, АҚШ Huawei-ді «қара тізімге» енгізіп, Еуропа Одағын да осындай шара қолдануға шақырған-ды. Дегенмен, Брюссель қытайлық компанияның жұмысына тыйым салудан бас тартты. Сондықтан, Vodafone 5G-ді биыл жазда Біріккен Корольдікте, Италия, Германияда іске қосуды жоспарлап отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ