Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруды ұсынды

14.06.2019

Бішкекте өтіп жатқан саммитте Президент өз баяндамасында бірқатар жаңа бастама көтерді. Мәселен қоршаған ортаны аялау мақсатында ұйымға мүше мемлекеттерді Елордадағы халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен әріптестік орнатуға шақырды.

Ал, көлік-транзиттік альянс құру үшін бақылаушы мемлекеттерді Нұр-Сұлтан қаласында өтетін теміржол компаниялары жетекшілерінің екінші кездесуіне қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына «халықаралық аренадағы ең тиімді әрі беделді бірлестіктердің бірі» деген бағасын берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

Қазақстан әлемде қалыптасқан таптаурындарды бұзып, ашықтық және тең құқықтық әріптестік орнату қағидаттарын ұстанады. Мәселен, Еуразиялық экономикалық одақ, АСЕАН, БРИКС пен Еуроодақ ШЫҰ-ның сенімді серіктестері бола алады.

Сондай-ақ, экономикалық өсімнің тежелуі мен әлемдік нарықтағы қаржылық тұрақсыздықты ескере отырып, ШЫҰ-ның экономикалық әлеуетін ұтымды пайдалануға болады.

Бұл бағыттағы сегіз жақты әріптестікті орнатарда Еуразиялық қаржылық кеңестік механизмдерден үлгі алуға болады. Бұл құрал күн тәртібіндегі экономикалық мәселелерді шешуге мүмкідік берер еді.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу