Елбасы Жолдауында айтылған жеті бағыттың бірі – индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. Президент алда еліміз бойынша инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыратын кәсіпорындардың қызметтері мен өнімдеріне сұрасыныстың арта түсетіндігіне де баса назар аударды.
Бұл орайда құрлыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар тауарларына деген тапсырыс жоғарылайды. Сондықтан, осы бағыттағы өндірістер жұмысын жандандырудың маңызы ерекше.
Семейдегі құрылыс комбинаты өткен жылы құрылған. Кәсіпорын жылына 50 мың шаршы метр үй салуға қажетті құрылыс материалдарын өндіреді. Өндірістің ашылып, аяқтан тұруына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы сеп болған. Қарымы еселеп артқан комбинат енді тек құрылыс материалдарын шығарып қана қоймай, қолжетімді баспана салу ісіне де белсене кіріспекші.
Ержан ЖАҚЫП