Оған Қырғыз еліне келген Президенттер де қатысты. Салтанатты шара Тоқтоғұл Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясында ұйымдастырылды.
Саммиттің алғашқы күнін екіжақты кездесулерге арнаған Президенттер келіссөздерді мәдени ынтымақтастықпен бекіте түсті. Концертте әр елдің таланттары ән мен биден шашу шашты.
Қазақ елінің атынан мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхаммедқызы мен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар академиясының солисі Рахат Сәрсенов өнер көрсетті.
Ал Саммиттің екінші күні, яғни бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары шағын және кеңейтілген құрамда отырыстар өткізеді.
Альбина ӘШІМ