Қытайдың Huawei компаниясы Android-сыз жұмыс істеуге дайындалып, өзінің операциялық жүйесін тіркеуді бастады. «Hong-meng» деп аталатын жүйе биыл қазан айында іске қосылмақ. Қазірдің өзінде ол 9 елде, соның ішінде Канада, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Кореяда тіркеліп үлгерген.
Жаңа жүйенің көмегімен телекоммуникациялық ұйым 225 миллионға жуық смартфон сатуды көздеп отыр. Мамандардың айтуынша, Hong-meng Android-ке қарағанда 60 пайызға жылдам жұмыс істейді. Айта кетсек, осыған дейін Huawei компаниясы АҚШ санкцияларына қарамастан, қызметін тоқтатпайтынын мәлімдеген еді. Енді ол өзімен жұмыс істеуді доғарған Google үшін үлкен бәсекелеске айналуы мүмкін.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ