АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Польша Президенті Анджей Дуда бірлескен қорғаныс декларациясына қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Польша Президенті Анджей Дуда бірлескен қорғаныс декларациясына қол қойды

13.06.2019

Ақ үй басшысы, Германиядағы әскерін Польшаға жіберуді көздеп отыр. Бұл Варшаваға Ресей тарапынан болатын қауіпті сейілту үшін қажет.

 

Вашингтонда өткен кездесу барысында, Трамп аталған жобаны штаттардың қаржыландырмайтынын мәлімдеді. Шығындардың барлығын Польша үкіметі көтереді.

 

Қазірдің өзінде бұл елде НАТО операциялары аясында, 5000 америкалық сарбаз міндеттерін атқарып жатыр.

 

Сонымен қатар, Дуда 30 америкалық F-35 жойғыш ұшақтарына тапсырыс берген. Дегенмен, Трамп ол жөнінде соңғы шешім әлі қабылданбағанын айтты.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу