Бельгия қазақтары еліміздің жетістіктеріне дән риза - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгия қазақтары еліміздің жетістіктеріне дән риза

12.06.2019

«Бостандықты бағалаудан, азаттықты ардақтаудан, Тәуелсіздікке тәу етуден артық бақыт жоқ». Бұл – Еуропадағы қандастарымыздың пайымы. Сыртта жүрсе де, елдің әр жетістігіне сүйсініп отыратын жерлестеріміз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсартып, жаңа технологияны дамытуға бет бұрғанына разы.

Өздері де шет елдің озық тәжірибесін ел игілігі үшін кәдеге жаратпақ ниетте. Түрлі себептермен қарт құрлықта уақытша тұрып жатқан қазақстандық күрд, ұйғыр, ингуш ұлтының өкілдері де қазақшылық қасиеттерін жоғалтқан жоқ. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті тұруы, тұрақтылық – басты байлық, -дейді шеттегі қазақстандықтар

Алош Алиев, Льеж қаласының тұрғыны:

Мен Жамбыл облысының Төле би ауылында туып өстім. Жұмыс бабымен Бельгияда тұрғаныма 8 жыл болса да, Қазақстанымды ешқандай мемлекетке айырбастамақ емеспін. Мен – патриотпын. Шет елде жүріп, елімізді мақтан етеміз. Қазақстанда береке-бірлік болып, еліміз өркендей берсін.

Нұргүл Тұрсынова, «Қазақстан-Люксембург» іскерлік қауымдастығының төрағасы:

Люксембургта тұрып жатқан қазақтармыз. Сол жақта қазақтардың басын қосайық деп, Қазақстан-Люксембург ассоцияциясын құрғанбыз. Қазақстанды, қазақтың салтын, дәстүрін, мәдениетін Люксембург халқына көрсету үшін ашқанбыз. Жоспарларымыз көп.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу