2 миллион босқын Түркияға қашуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2 миллион босқын Түркияға қашуы мүмкін

10.06.2019

Сирияның солтүстік-батысына соғыс күшейіп келе жатқандықтан, Түркияға тағы 2 миллион босқын қашып баруы мүмкін. Мұны бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді.

Жақында Ресей мен үкімет армиясы оппозиция күштерін соңғы бекінісінен ығыстыруға кірісті. Бұл операцияға бомбалаушы ұшақтар мен жаяу әскер де тартылып отыр. Қарулы қақтығыстардан ондаған мың бейбіт тұрғын үйлерін тастап кеткен.

Шайқас негізінен Идлиб провинциясы мен оған көрші орналасқан Хамада жалғасып жатыр. Көтерілісшілер үш ауылды басып алғанын және армияның талай сарбаз жоғалтқанын хабарлады. Алайда, Сирия үкіметі бұл мәліметті әзірге растамады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу