Елімізге түрік кәсіпкерлерінің жаңа толқыны келеді. Қазақ жеріне сапармен келген бизнесмендер отандық іскерлермен кездесіп, болашақта қандай бірлескен жобалар жүзеге асыратындарын ақылдасты.
Түркиядан арнайы келген делегацияның ішінде, сусын шығаратын, қаржы саласы, қағаз өнеркәсібі, құрылыс, энергия, мұнай және мұнай өнімдері, тау-кен өндірісі, әйнек, тігін, жылылықты сақтайтын жабдықтар шығаратын кәсіпорындардың басшылары бар.
Қазақстандық тарап түрік бизнесмендерінің біздегі инфрақұрылым, ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібін дамытуға атсалысқанын қалайды. Себебі, бұл салаларда түрік ағайындардың кәсіби тәжірибесі мол.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ