Молдовада халық президентке қарсы наразылық акциясына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Молдовада халық президентке қарсы наразылық акциясына шықты

10.06.2019

Олар биліктің қызметтен кетуін талап етіп отыр. Жексенбі күні Конституциялық сот президентті міндеттерінен босатты. Мұндай шешімге Додонның парламентті тарату туралы жарлыққа қол қоюдан бас тартуы себеп болған. Сондықтан уақытша ел басқару міндеттері премьер-министр Павел Филипке жүктеліп, ол парламентті таратты. Сонымен қатар, Демократиялық партия лидері Владимир Плахотнюктің қолдауына сүйеніп, келесі сайлау қыркүйекте өтетінін жариялады. Алайда Додон мұны билікті тартып алу деп отыр. Ал парламент Конституциялық соттың әрекеттерін заңсыз деп айыптады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу