Қытай мен АҚШ арасында сауда соғысы жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай мен АҚШ арасында сауда соғысы жалғасып жатыр

06.06.2019

Бүгін Бейжің  Вашингтонның тарифті көтеру әрекеттерімен соңына дейін күресетінін ескертті. Мұндай мәлімдемені осы елдің Сауда министрлігінің баспасөз хатшысы Гао Фен жасады. Оның сөзінше, Құрама Штаттардың Қытайға қысым жасап, оны дегеніне көндіру саясаты өзіне зиян болып тиеді.

Айта кетсек, бүгін Президент Дональд Трамп Ирландияға сапарында Қытайдың тағы 300 миллиард долларлық тауарына тарифті көтеретінін жариялады.

Екі экономикалық держава арасындағы шиеленіс мамырда сауда туралы келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін тіпті ушықты. Сол кездесу қарсаңында Ақ үй басшысы Қытайдың 200 миллиард долларлық импортына салықты 25%-ға дейін өсірген.

Трамптың ойынша, бұрынғы сауда қатынастарынан Америка емес, Қытай ғана ұтты. Алайда, ресми Бейжің мұндай пікірді негізсіз деп есептейді.

 

Хабарламаларға жазылу