Ол су көлігін басқаруда немқұрайлылық танытып, апатқа кінәлі деп айыпталуда. 64 жастағы Украина азаматы «Викинг Сигюн» деп аталатын круиздік теплоходты басқарған. Оның бортындағы жолаушылар дін аман. Қазір полиция іс бойынша тергеу жүргізіп, апат себептерін анықтап жатыр. Айта кетсек, мамырдың 29-да Дунай өзенінде екі экскурсиялық су көлігі соғылып, оның біреуі аударылып, батып кетті. Зардап шеккен қайық бортындағы 35 адамның 33-і – Оңтүстік Корея азаматтары, екеуі – венгриялық экипаж мүшесі. Апат салдарынан 7 адам қаза тауып, 7-еуі жараланды. Тағы 21 жолаушының тағдыры әлі белгісіз. Оларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ