Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Киевке оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Киевке оралды

30.05.2019

Оны жергілікті жақтастары қошеметпен, музыкамен қарсы алды. Айта кетсек, жаңа президент Владимир Зеленский 51 жастағы грузиялық саясаткерге Украина азаматтығын мамырдың 28-інде қайтарды.

Саакашвилидің «Рух новых сил» партиясы шілденің 21-інде Жоғарғы Радаға мерзімінен бұрын өтететін сайлауға қатысатынын мәлімдеп отыр.

Саакашвили Украина азаматтығын 2015 жылы алып, Одесса облысының губернаторлығына тағайындалды. Алайда, ол көп кешікпей Петр Порошенконы сынап, коррупция үшін айыптауға кірісті. Жемқорлық жайлы кінәні жоққа шығарған Порошенко Саакашвилиді 2017 жылы Польшада жүргенде азаматтығынан айырды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу