Израильде парламент сайлауы қайта өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде парламент сайлауы қайта өтеді

30.05.2019

Бұған ел премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың мерзіміне дейін коалициялық үкімет құрып үлгермеуі себеп.

Айта кетсек, сәуірде өткен сайлауда Нетаньяхудың «Ликуд» партиясы жеңіске жеткен еді. Ол Кнессеттегі 120 орынның 35-не ие болды. Ал, оның қарсыласы Авигдор Либерманның партиясы 34 орынды иеленді. Сондықтан ол оппонентіне жаңа үкімет жасақтауда қиындықтарға тап болатынын ескерткен. Осылайша партия лидерлері йешилерді діни себептермен әскерден босату туралы келісімге келе алмай, Кнессеттің 74 мүшесі үкіметті отставкаға жіберуге дауыс берді. Енді келесі парламент сайлауы қыркүйектің 17-інде өтуі тиіс.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу