Жаңа Зеландияда 50 мыңдай мұғалім шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Зеландияда 50 мыңдай мұғалім шеруге шықты

29.05.2019

Олар жұмыс уақытын қысқартып, жалақыны өсіруді талап етіп жатыр. Сонымен қатар, манифестанттар атқарылатын жұмыс көп деп, ұстаздарға көмекшілер қажет дейді. Бұл – Жаңа  Зеландияда білім саласына қатысты ұйымдастырылған ең ірі наразылық акциясы. Окленд қаласының өзінде оған 10 мың демонстрант қатысқан. Елдің барлық аймақтарында өткен шеру салдарынан 1500-ға жуық оқу ордасында сабақ доғарылды. Ал, оқытушылар кәсіподағы бірнеше ай бойы даулы мәселені үкіметпен талқылаған. Дегенмен, келіссөздер тығырыққа тіреліп,  проблема шешілмегендіктен, ұстаздар жаппай ереуілге шығып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу