Оның мақсаты – «террористер мен олардың бекіністерін жою». Мұны бүгін Түркия Қорғаныс Министрлігі хабарлады.
Операция басталысымен түрік әуе күштері Ирактың Хакурк провинциясында орналасқан нысандарды бомбалады. Бұл шараға жауынгерлер мен артиллерия да тартылып отыр.
Айта кетсек, Түркия өз жерінде 1984 жылдан бері көтеріліс жасаған Күрдістан жүмысшы партиясының Ирактағы позицияларына жиі соққы беріп тұрды.
Айдарбек РЫСБЕК