Қазақстандағы инвестициялық климатты жақсарту – ел экономикасының басты құралы. Сол себептен шетелдік кәсіпкерлерді елімізге қаржы құюға шақыру тиімді болмақ.
Бүгін Сыртқы істер министрінің орынбасары Рәпіл Жошыбаев пен Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев осы мәселелерді талқылады. Мақсат – дипломатиялық өкілдіктер арқылы шетелдік ресми, экономикалық және іскерлік топтарды Қазақстанда өткізілетін инвестициялық климатты жақсартуға қатыстыру.
Басқосуда дипломаттарға ел Үкіметінің шетелдік инвесторларды қолдау жөнінде қабылдап жатқан бағдарламалары таныстырылды. Меймандар Қазақстандағы инвестициялық жобаларды өзара тиімді бірлесе іске асыру мүмкіндіктерін өз іскерлік топ өкілдеріне жан-жақты хабарлайтындарын жеткізді.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ