Олар Әскери кеңестің биліктен кетуін талап етіп, елді азамттық әкімшілік басқарғанын қалайды. Бұған дейін оппозиция мен Әскери кеңес жаңа азаматтық-әскери орган құру туралы бірнеше келіссөздер жүргізген. Дегенмен, мәселенің ортақ шешімін таппай, кездесу тығырыққа тірелді. Шерушілер бұған дейінгі талаптарының біреуі де орындалмағанына шағымданып отыр.
Айта кетсек, елді 30 жыл басқарған Омар әл-Башир президенттіктен аластатылған соң, басшылыққа Әскери кеңес келген еді. Дегенмен, халық оған да келіспей, өтпелі билік азаматтық әкімшілікке берілмесе, наразылық акциясын тоқтатпайтынын ескертіп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ