Бразилияда білім жүйесіндегі өзгерістерге қарсы ауқымды шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда білім жүйесіндегі өзгерістерге қарсы ауқымды шеру өтті

16.05.2019

Мыңдаған адам президент Жаир Болсонарудың бұл саладағы саясатына наразы. Экономиканың тұрақсыздығына байланысты үкімет университеттердің шығынын азайтып, оларға бөлінетін қаржыны ішкі істер министрлігіне жұмсауды шешкен. Бұл студенттердің ашуын туғызып, олар мәселені басқа жолмен шешуді талап етті. Сондықтан демонстранттар «білім - шығын емес, ол – инвестиция» деп ұрандатқан.

Дегенмен, білім министрі Абрахам Вайнтрауб қалыптасқан жағдайға бұрынғы билікті кінәлап, шығындарды азайтуға мәжбүр екенін айтты.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу