Ливанда отставкадағы сарбаздар Орталық банк ғимаратының алдына наразылық акциясына шықты. Олар әскерилердің жалақысын қысқарту жөніндегі бюджет ұсыныстарына қарсы. Шеруге жиналған 100 шақты адам ғимаратқа кіретін үш есікті де бөгеп, қызметкерлердің өтуіне кедергі келтірген.
Наразы жұрт талаптары орындалмағанша, орындарынан тапжылмайтынын білдірді. Дегенмен, ел үкіметі бұл мәселенің шешімін тауып, мемлекеттік қорды қысқартуға мәжбүр екендерін айтып отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ