Танымал футболшылар Александр Кокорин мен Павел Мамаевқа қатысты сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танымал футболшылар Александр Кокорин мен Павел Мамаевқа қатысты сот үкімі шықты

10.05.2019

Мәскеудің Пресненский аудандық соты танымал футболшы Александр Кокорин мен Павел Мамаевты кінәлі деп танып, Кокоринді 1,5 жылға, ал, Мамаевты 1 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Олар енді жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтейді.

 

Айта кетсек, өткен жылдың қазан айында спортшылар түнгі клубтан кейін жанжал шығарып, көлік жүргізушісін соққыға жыққан. Содан кейін, дәмханалардың бірінде меймандармен төбелесіп, бір ер адам зардап шеккен. Істі қараған судья бұл әрекеттерді бұзақылық деп бағалады.

 

Айыпталушылардың сотқа дейін тергеу изоляторындағы мерзімін есепке ала отырып, «Зениттің» шабуылшысы 7,5 айдан соң, ал «Краснодардың» жартылай қорғаушысы 6,5 айдан кейін бостандыққа шығады. Дегенмен, олардың қорғаушылары сот үкіміне шағым түсіріп, мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға өтініш беретіндерін айтты.   

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ      

Хабарламаларға жазылу