Ұлыбритания Еуропарламент сайлауына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания Еуропарламент сайлауына қатысады

08.05.2019

Бұл туралы министрлік кабинетінің хатшылық бастығы Дэвид Лидингтон хабарлады. Оның айтуынша, Британия аталған уақытқа дейін Еуропалық Одақтан шығып үлгермейді. Себебі Брексит мәселесін шешу, келісімге келу көп уақытты алады. Сондықтан мемлекет парламент сайлауына заңды түрде қатысуға міндетті.

Айта кетсек, Біріккен Корольдік Еуроодақтан 2019 жылғы 29 наурызда шығуы тиіс еді. Алайда, Қауымдар палатасы Брексит шарттары туралы жобаны 3 рет қабылдамаған соң, ол 31 қазанға дейін кейінге қалдырылған.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ    

 

Хабарламаларға жазылу