Пәкістанда Рамазан айында түйеқұстан ерекше тағам әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда Рамазан айында түйеқұстан ерекше тағам әзірленді

07.05.2019

Мұндай асты елдегі қайырымдылық қоры мұсылмандарға ауызашарға ұсынған. Түйеқұс еті - өте қымбат әрі сирек тұтынылатын экзотикалық тағам түрі. Сондықтан одан әзірленген асты тек қымбат мейрамханалардан жеуге мүмкіндік бар. Дегенмен, аталған ұйым оны 500-ден астам ораза ұстап, ниет еткендерге, соның ішінде кедей-кепшіктерге тегін таратып отыр.

Құдайы тамақтан дәм татқан жұрт түйеқұс етін алғаш рет жегенін айтып, алғыстарын білдірді. Ал, қайырымдылық ұйымы мұнымен шектелмей, келесі жолы маралдың еті мен басқа да ерекше тағам түрлерін ұсынуды ниет етіп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу