Бұл шешімге жексенді күні радикалдық көзқарастағы содырлардың шіркеулер мен қонақ үйлерге шабуыл жасап, 250-ден астам адамды мерт қылуы итермелеген. Билік өкілдері жаңа талап қауіпсіздік күштеріне күдіктілерді тезірек анықтауға көмектесіп, олардың жұмысын әлдеқайда жеңілдететінін мәлімдеді.
Осы аралықта жергілікті барлаушы қызметі сәуірдің 21-де болған алапат жарылыстардың артында тұрған топ лаңкестерді әскери форма кигізіп, фургонмен тағы да шабуыл жасауға аттандыруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Дегенмен, ол елдегі мұсылман қауымының өкілдері бетті тұмшалауға қарсы талап түрлі дін өкілдері өмір сүретін Шри-Ланкадағы дінаралық жағдайды шиеленістіріп жіберуі мүмкін екенін ескертті.
Арыстан РЫСБЕК