Индонезияда сайлау комиссиясының 272 мүшесі қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда сайлау комиссиясының 272 мүшесі қайтыс болды

29.04.2019

Индонезияда осы айда өткен әлемдегі ең үлкен біркүндік сайлау кезінде 272 сайлау қызметкері тым көп жұмыс істеп, зорығу салдарынан қайтыс болды. Тағы 1900-ге жуық маман науқастанып госпитальге түскен. Мұны елдің сайлау комиссиясының өкілдері мәлімдеп отыр.

Индонезияда президенттік және парламенттік сайлау сәуірдің 17-інде өтіп, оны ұйымдастыруға 6 миллиондай адам тартылған. Ел тарихында екі сайлау бұрын ешқашан бір күнде өтпеген. Ал, 17 мың аралда ашылған 800 мыңнан астам бөлімшеде 193 миллионға жуық адам дауыс беруге тиіс болды.

Айта кетсек, Индонезия – әлемнің үшінші ірі демократиясы. Және де ол дүниежүзіндегі ең ірі мұсылман мемлекетті саналады.

Хабарламаларға жазылу