Йеменнің қауіпсіздік күштері 3500-ден астам заңсыз мигрантты тұтқындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Йеменнің қауіпсіздік күштері 3500-ден астам заңсыз мигрантты тұтқындады

26.04.2019

Ұсталған шетелдіктер өз елдеріне қайтарылмақ. Олар Йеменнің оңтүстігіндегі Аден қаласындағы футбол алаңына апарылған. Қайырымдылық ұйымдары мигранттарды азық-түлік және сумен қамтамасыз етіп жатыр. Ұсталғандардың көбі - эфиопиялықтар.

Айта кетсек, өз елдеріндегі кедейшіліктен, қарулы қақтығыстардан қашқан африкалықтар азаматтық соғыс жүріп жатқан Йемен арқылы Парсы шығанағының ауқатты елдеріне жетпек болған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу